×

«Ұсталған Бұрхан Жансейітов адвокат емес» – адвокаттар алқасы

Бұрхан Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын

 Қанат Атаманов 17.07.2022 | 06:30
Фото: tengrinews.kz

Республикалық адвокаттар алқасында ұсталған Бұрхан Жансейітовтың адвокат емес екенін мәлімдеді. Алқа төралқасы ресми сайтта осындай мәлімдеме жасады.

БАҚ-та Қаржы мониторингі органдарының адвокат Бұрхан Жансейітовты ұстағаны туралы ақпарат таратылуына байланысты Республикалық адвокаттар алқасы бұл адамның адвокат емес екенін хабарлайды. Адвокаттар өз жұмысында этика кодексін басшылыққа алады. Оған сәйкес кәсіби қызметте олар кәсіптің беделіне қамқорлық жасап, мораль мен заңның үстемдігі принциптерін басшылыққа алады. Дәл осындай талаптар Жоғары заңгерлік білімі бар кез-келген адамға қатысты болуы керек деп санаймыз. Бұл ретте заң кеңесшісі Бұрхан Жансейітовке қатысты тергеуді заңдылық қағидатын қатаң сақтай отырып және оған білікті заң көмегіне құқық бере отырып, жанжалға байланысты емес орган жүргізуі тиіс деп санаймыз, - делінген адвокаттар алқасынының үндеуінде.

Естеріңізге сала кетсек, Бұрхан Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын. Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провакациялық әрекетке барған. Сондай-ақ, Бұрхан Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама