×

Мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлаған 2 жасар баланы қағып алды

Полиция қызметкерлері баланың анасымен профилактикалық әңгіме өткізді

 Қанат Атаманов 16.07.2022 | 22:30
Фото: ашық дереккөздерден

Ресейдің Челябі қаласында 16 жастағы мектеп оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлаған баланы өлімнен аман алып қалды. Бұл туралы ura.news хабарлады.

Оқиға Дружба көшесі, 23-үй мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің жанында болған.

14 шілде күні түстен кейін жедел жәрдемге 22 жастағы әйел қоңырау соғып, екі жасар қызының москит торына сүйеніп, үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткені туралы хабарлаған. Қыз жарақат алған жоқ. Өйткені аулада серуендеп жүрген жасөспірім қыз бүлдіршінді бірден ұстап алған. Екі жасар қыз бен мектеп оқушысы ешқандай жарақат алған жоқ, - деді Челябі қаласы бойынша Полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері баланың анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама