×

Нұр-Сұлтанда көпқабатты ғимарат өртеніп жатыр

Әзірше қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

 Қанат Атаманов 16.07.2022 | 19:25
Фото: ТЖМ

Елордада көпқабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметінше, бүгін сағат 16:46-да ТЖД бөлімшесіне Мирный көшесі, 19 мекенжайында орналасқан жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттың монша екенін анықтады. Бүгінде онда өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан тұрғындар ғимаратқа барар жолда өрт сөндіру көліктеріне жол ашып жатқанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама