×

Елімізде «Қорғау» видеокамерасы іске қосылды

Ол әзірше бес қалада істеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.07.2022 | 17:11
фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, «Қорғау» қосымшасын  Ішкі істер министрлігі дайындады. Ол полицейге жолдағы құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама көшедегі камераларды қарап, жақын маңдағы полиция қызметкерінің планшетіне қауіпті жүргізуші туралы сигнал береді. Ол адам жол ережесін бұзған немесе машинаны жоғары жылдамдықта жүргізіп келе жатқан жүргізуші болуы мүмкін.

Қазір мұндай жоба еліміздің бес қаласында іске асырылуда. Мәселен, Шымкентте 130 млн теңгеге айыппұл салынған 1400 автокөлік анықталды. Қала жолдарындағы жағдай жақсаруда.

Мегаполисте жол-көлік оқиғаларының саны үш есеге, жарақаттанғандар саны 2,5 есеге, өлім-жітім айтарлықтай азайды. Сонымен қатар «Қорғау» қосымшасы басқа да проблеманы анықтауға мүмкіндік берді. Қысқа уақытта «жалған» номерлерді қолданған 266 жүргізуші ұсталды.

Енді жалған номерлерді пайдаланғаны үшін жүргізушілер бір жылға жүргізу құқығынан айырылып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама