×

COVID-19 жұқтыру қарқыны қайта күшейіп келеді

2 науқастың жағдайы өте ауыр

 Дәурен Ерболат 15.07.2022 | 09:54
Фото: abc11.com

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте елімізде COVID-19 жұқтырудың 1257 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 353,
  • Алматыда – 349,
  • Шымкентте – 103,
  • Ақмола облысында – 30,
  • Ақтөбе облысында – 7,
  • Алматы облысында – 115,
  • Атырау облысында – 23,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 15,
  • Жамбыл облысында – 60,
  • Батыс Қазақстан облысында – 13,
  • Қарағанды облысында – 70,
  • Қостанай облысында – 17,
  • Қызылорда облысында – 51,
  • Маңғыстау облысында – 16,
  • Павлодар облысында – 9,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5,
  • Түркістан облысында – 21.

Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 1 313 551-ге жетті. 

Сонымен қатар Қазақстанда 260 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 65,
  • Алматыда – 156,
  • Ақмола облысында – 10,
  • Қарағанды облысында – 7,
  • Қызылорда облысында – 1.

Осылайша, елімізде барлығы 1 294 493 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

15 шілдедегі мәлімет бойынша 5 483 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 588 науқас стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 16 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 1 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама