×

«Шаршаған жоқпын»: зейнетке кеткісі келмеген әкім журналистерді велосипедпен жарысуға шақырды

Өңір басшысы - 68 жаста

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 16:46
фото: ОКҚ

Шығыс Қазақстан обылысының әкімі Даниал Ахметов мемлекеттік қызметтен шаршамағанын, өзін әлі жас сезінетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

«Зейнетке шығу жағын ойланған жоқпын. Бірақ балаларым және немелеріммен бірге болып, демалғым келеді», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін.

Өзін жас сезінетінін алға тартқан әкім, тіпті, журналистерді велосипедпен жарысуға шақырды.

Шаршаған жоқпын. Неге шаршаймын? Бүгін немесе ертең сағат 5-те велосипедке отырып, сіздермен жарысқа шығайын. Сонда кімнің қайда қалатынын көрейік. 20 шақырымға жарысайық. Кейін кімнің жас, кімнің кәрі екені көрейік, - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Даниал Ахметов қанша жалақы алатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама