×

Түркістан облысында мүгедектердің құқығы тапталып жатыр

Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Арыс, Түрістан қалаларында биылдың өзінде квота уақытылы белгіленбеген

 Еркеғали Болатұлы 14.07.2022 | 10:11
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында мүгедектікке шығаруда заңсыздыққа жол берілгені анықталды. Мысалы, Отырар ауданында кәмелетке толмаған 3 балаға жалған құжаттар жасау арқылы жәрдемақы «төленіп» келген. Бұл деректі облыс прокурорлары арнайы тексеру кезінде анықтады.

Прокурорлардың айтуынша, өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары бұзылған одан да басқа деректер баршылық екен. Атап айтқанда, оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектердің керекті құрал-жабдықтарын қамтамасыз етпеу, жыл сайын оларды жұмыспен қамту үшін белгіленетін квоталарды мерзімінде белгілемеу, белгіленген квоталарды формальды түрде жүргізу сияқты кемшіліктер анықталған.

Әсіресе Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Арыс, Түркістан қалаларында биылдың өзінде квота уақытылы белгіленбеген.

«Қазір анықтаған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері қаралып жатыр. Соның нәтижесінде бірқатар лауазымды азаматтар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Ал заңсыз мүгедектік тағайындау дерегі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталып, тергеу жүргізіле бастады», - дейді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Ермахан Әбжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама