×

Ресейден Қазақстанға 60 тоннадан астам қант өткізбек болғандар ұсталды

Көрші елден 31 тамызға дейін тәтті өнімді экспорттауға тыйым салынған

 Динара Амантай 13.07.2022 | 17:38
Фото: stu.customs.gov.ru

Мамандар «Исилкуль» және «Невольное» автобақылау бекеттерінің маңында ауыр жүк көліктерін тексеру кезінде қант тауып алған. Екі апта ішінде олар тыйым салынған тауарларды экспорттауға жасалған екі әрекетті тоқтатты. Бұл туралы Омбы кеденінің өкілдері хабарлады.

Еске сала кетсек, Ресей Федерациясы Үкіметінің «Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын экспорттауға уақытша тыйым енгізу туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 15 наурызы мен 31 тамызы аралығында елден қантты экспорттауға тыйым салынған.

Бірінші жағдайда тасымалдаушы бидай ұнын экспорттау үшін құжаттарды ұсынған. Бірақ кеденшілер көліктің жүк бөлігіндегі тауарларды тексерген кезде, ұнның астында «ақ қызылша кристалды қант» салынған қаптар жасырылған болып шықты. Тексеру және өлшеу кезінде 660 қапта 33 тонна қант барын көрсетті.

Россельхознадзор облыстық департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 шілдеде департамент қызметкерлері жалпы салмағы 29,9 тоннадан асатын қант партиясын экспорттауды тоқтатқан. Тасымалдаушы тауарды минералды тыңайтқышқа (карбамид) құжаттарға сәйкес алып шықпақ болған. Қант «Карбамид» (В сорты) бетбелгісі бар ақ полипропилен пакеттерге салынған.

Сондай-ақ қала маңындағы электр пойызында өнімдердің шағын партиясын тасымалдамақ болған тәртіп бұзушылар да анықталды. Қанттың жалпы салмағы 590 кг.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама