×

ТЖМ баланы құтқарып, өздері судан шыға алмай қалған құтқарушылар туралы айтты

Видеодағы екі адам да қатты ағыстың иіріміне түсіп, көзден ғайып болады

 Еркеғали Болатұлы 12.07.2022 | 13:25
фото: видеодан скриншот

Су қоймасынан баланы құтқару сәті түсірілген видео қазір әлеуметтік желі парақшалары мен топтарын түгел шарлап жүр.

Кадрда көк түсті форма киген 3 ер адам мен тағы бір бала қатты ағыс алып кеткен екінші баланы құтқару үшін артынан жүгіреді. Осы орайда 2 құтқарушы бірінің артынан бірі суға секірген. Олардың бірі баланы құтқарып қалғанмен, өздері судан шыға алмайды. Видеодағы екі адам да қатты ағыстың иіріміне түсіп, көзден ғайып болады.

Бұған қатысты бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі пікір білдірді.

WhatsApp мессенджері арқылы тарап жатқан видеоға қатысты айтарымыз, Қазақстан аумағында мұндай дерек тіркелген жоқ. Кезекшіге қоңырау шалынбаған. Форма да біздікі емес, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ал желі қолданушылардың бірі оқиға қырғыз жерінде болған десе, енді бірі көк форманы Қытай құтқарушыларына тиесілі деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама