×

Алматы облысында ер адам 2 оқушы қызды зорламақ болған

Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады

 Халық үні 12.07.2022 | 05:23
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында психикалық бұзылысы бар ер адам екі оқушы қызға тап беріп, тиіспек болған. Қыздар қаскөйдің қолынан сытылып үлгерген. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Департамент мәліметінше, екі дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 120-бабы, 3-2-бөлігі, яғни "Зорлауға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 шілдеде полицейлерге кәмелетке толмаған екі қыздың ата-анасы атынан арыз түсті.

«Арызданушылар Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) тап беріп, зорламақ болған белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды талап етті», - делінген хабарламада.

Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.

«Оның психикалық дамуы тежелген, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады ведомстводан.

Түпкілікті процессуальдық шешім факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама