×

Шымкенттік әйел күйеуін пышақтап өлтірді

4 баланың әкесі алған дене жарақатынан бақилық болған

 Халық үні 11.07.2022 | 18:50
фото: ktk.kz

Шымкентте ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, ұрыс-керіс соңы кісі өлімімен аяқталған. Оқиға 7 шілде күні болған, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ПД-нің хабарлауынша, 48 жастағы ер адам жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. 4 баланың әкесі алған дене жарақатынан бақилық болған. Аталған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«2022 жылғы 7 шілдеде Жедел басқару орталығының «102»арнасына қалалық жедел жәрдем бригадасынан 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында оның ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Аталған жайт Еңбекші ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-ға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді», - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама