×

Екібастұздың тұрғындары қала әкімінің қызметінен кетуін талап етті

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 16:47
фото: sputnik.kz

Екібастұз қаласының тұрғындары желіде әкімнің отставкаға кетуін қызу талқылап жатыр. Қала басшысын жұмыстан босатуды талап еткен жазбада оқырмандардың пікірі екіге бөлінген.

Жазба Instagram-дағы zhaloba__ekibastuz тобында жарияланды.

Осыған қатысты Павлодар облысының әкімдігі пікір білдіріп, қала басшысының қызметінен босату туралы шешім әлі шықпағанын жеткізді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қазір облыстық сотта апелляцияда жатыр. Өтініш үкім күшіне енгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен берілетін болады, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кететін бір нәрсе, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің екі қызметкеріне қатысты іс Павлодар облыстық сотының қарауына келіп түскен. Бұған дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама