×

Президентке әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған тәсілдер ұсынылды

Ведомство басшысы бірқатар ақпараттық жүйені дамыту жоспары туралы айтты

 Дәурен Ерболат 11.07.2022 | 12:31
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке министрліктің жұмысы, оның ішінде халықты зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.

Министр президентке Отбасының цифрлық картасын жасау, әлеуметтік қызмет көрсету порталын және әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру керегін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама