×

«Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі» - Собчак Елена Рыбакина туралы

Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген – Қазақстан

 Қанат Атаманов 11.07.2022 | 07:29
Фото: ашық дереккөздерден

Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы сенсациялық жеңісіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Уимблдонда қандай керемет оқиғаға куә болдық. Турнир чемпионы – Мәскеудің тумасы, Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына ауыстырған Елена Рыбакина болды. Қандайда бір себептермен ұлттық құрамаға кіре алмаған кез келген спортшы, мансабын жалғастыру үшін азаматтығын ауыстырады. Еленаның да төлқұжаты қазақстандық болғандықтан Уимблдон турниріне қатыса алды. Себебі, биылғы турнирге белорустар мен ресейліктердің қатысуына тыйым салған болатын. Кеше ол қарсыласын жеңіп, әйелдер сынында чемпион атанды. Бұл оның алғашқы «Үлкен Дулыға» атағы, - деп жазды Ксения Собчак өзінің Telegram каналында.

Журналистің бұл жазбасы Елена Рыбакинаның жеңісін Ресейдің жеңісі деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап ретінде жазылған болатын. 

Бұл, Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өзімізді алдамайық. Ресейде оған ешкім мүмкіндік бермеді. Сондықтан үлкен турнирлерге қатыса алмады. Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген – Қазақстан, - деп жазды Ксения Собчак.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама