×

Алматыда қару асынған ер адам жұрттың үрейін ұшырды (ВИДЕО)

Тұрғындар қара киім киген ер адам аулада қару асынып жүргенін байқаған

 Қанат Атаманов 11.07.2022 | 00:00
Фото: tengrinews.kz

Алматының Алатау ауданындағы Дарабоз ықшамауданында атыс болды. Қару асынған белгісіз ер адам атыс шығарған.

Оқиға туралы куәгерлер хабарлады, тұрғындар қара киім киген ер адам аулада қару асынып жүргенін байқаған. Кейінірек әлеуметтік желіде атыс даусы естілген видео таралды. Полиция аумақты қоршаған. Оқиға орнына арнайы жасақ жеткені белгілі болды.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Кешкі сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматы қаласының Алатау ауданының жеке секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта патрульдік полиция мен арнайы жасақ күштері айыпталушыны ұстау және басқа да мән-жайларды анықтау үшін шаралар қабылдап, күдіктіні ұстады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам бұл қадамға әйелімен болған жанжалдан кейін барған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департамент өкілдері.

Полицейлердің мәліметінше, атыстан ешкім зардап шеккен жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама