×

«Кедейлер шығып хоккей ойнамай ма?» – Дәурен Абаев

Әдеттегідей шенеуніктің бұл сөзі жұртшылыққа ұнаған жоқ

 Қанат Атаманов 10.07.2022 | 22:40
Фото: inform.kz

Әлеуметтік желіде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан облысында халықпен болған кездесуде жергілікті ақсақалмен сөзге келіп қалған сәті бар видео тарауда. 

Сол видеодан қарияның министрге хоккейге шетелдік легионерлерді алып, оларға миллиондап жалақы төлеуге қарсылығын білдірген сәтін көруге болады. «Елімізде кедейлер 50 мың теңге жалақы алады. Ал шетелдіктерге 40 миллион теңге айлық бересіздер. Бұл ақшаны қазақстандықтар алсын!», - деп ашуын жеткізді қария.

Ақсақалмен дауласқан Дәурен Абаев:

Онда кедейлер барып хоккей ойнамай ма? Шығасыздер ма?, хоккей ойнайсыздар ма? Ақшасын төлейін, – деді министр залға қарап.

Әдеттегідей шенеуніктің бұл сөзі жұртшылыққа ұнаған жоқ. Осы жиында телеарналардағы бассыздықты тоқтату туралы өтінішпен шыққан аналардың біріне «Ұнамаса, көрмей-ақ қой!» деп жауап берген министрдің сөзі де халықтың сынына ұшырады.

Айта кетсек, бұл Мәдениет министрі Дәурен Абаев былтыр «үңгірден шыққан ұлтшылдар» деп тіл жанашырларын шырылдатып еді. Бұдан бөлек, жуырда ғана өзіне қаратып сұрақ қойған журналистке «а где понравилось больше – сверху или снизу?» деп қисық сұрақ қойғаны бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама