×

«Оған да жан керек»: елорда орталығында жүрген қой жұрттың көңілін көтерді (ВИДЕО)

Құрбан айттың келгенін бірден білуге болады... 

 Халық үні 09.07.2022 | 20:14
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының орталығында жүрген қойдың видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shchuchinsk_life тобында жарияланды.

Кадрдан елорданың орталық көшесінің бірінде жүрген қойды байқау қиын емес. Роликте төрт түліктің көлік қатынасына кедергі келтіріп, жолдың келесі бетіне өткені де көрінеді.

Қойдың бұл әрекеті жұрттың басым бөлігінің көңілін көтерген.

«Құрбан айт қабыл болсын»,«Өлгісі келмей, қашып кеткен секілді»,«Видеоны көріп, қатты күліп қалдым»,«Құрбан айттың келгенін бірден білуге болады», «Қойдың өлгісі келмейтінін бағдаршамның жасылына өткеннен-ақ байқауға болады»,«Қойға тез арада киноға түсу керек», «Қойға да жан керек екен», - деп жазды көпшілік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама