×

Кальянды заңсыз әкелуге көмектескен кеденшілер сотталды

Кеден бекетінің мамандары кальянды заңсыз әкелуге жәрдемдескені үшін істі болды

 Халық үні 24.01.2022 | 14:30
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті шекарада Өзбекстаннан кальянды заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті.

Сот үкімі бойынша оның кінәлілері – «Қапланбек» кеден бекетінің 5 маманы әртүрлі мерзімге сотталды, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Өзбекстаннан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 кг, жалпы сомасы 59 596 729 теңге SERBETLI кальянын заңсыз әкелуге лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік мансабын асыра пайдалана отырып көмектесті.

Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ.Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М.Күміс, Б.Әлиев 3 жыл 6 айға, Н.Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама