×

Түркістандық ұрланған сиырды Audi көлігінің салонына салып, үйіне жеткізбек болған

Полиция көліктің артқы орындығын тексеру кезінде «мүйізді жолаушыны» тапты

 Қанат Атаманов 08.07.2022 | 22:00
Фото: tengrinews.kz

Созақ аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының сиырын ұрлаған ер адамды ұстады.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, тәртіп сақшылары түнгі рейд кезінде күдікті Audi 100 автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Алайда, жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, жасырынуға тырысады. Дегенмен, полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жүргізушінің қашып кетуіне жол бермейді.

Сөйтіп, полиция көліктің артқы орындығын тексеру кезінде «мүйізді жолаушыны» тапты. Күдікті сиырды жергілікті тұрғыннан ұрлап, үйлерді жасыруға тырысқаны белгілі болды.

Ұрланған сиыр заттай дәлел ретінде тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады полиция өкілі.

Осылайша, ер адамның жоспары жүзеге асырылмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама