×

Сот шпионның ісін қайта қараудан бас тартты

Константин Сыроежкин 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 17:45
фото: diapazon.kz

Жоғарғы сот Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы ғылыми қызметкері, белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкинге қылмыстық істі қайта қараудан бас тартты.

Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының 2022 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы бойынша сотталған Константин Сыроежкиннің өтінішін сот актілерін қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қараудан бас тартылды. Бас тарту туралы қаулы шыққанға дейін және одан кейін сотталушының өзі де, оның қорғаушылары/адвокаттары да сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш білдірген жоқ, - делінген Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

2019 жылдың басында Константин Сыроежкин қамауға алынған болатын. Тергеуді ҰҚК органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлімі «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша жүргізді. Сол жылы ол мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпты деп танылып, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Константин Сыроежкин – тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдардың докторы. 2006 жылдан бастап Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама