×

Зейнет жасын төмендетуді сұраған әйелдер министрлік алдында аштық жарияламақ

Оларды 1,5 миллионнан аса әйел қолдап отырған көрінеді

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2022 | 14:53
фото: дереккөз

Қазақстандық әйелдер биліктен зейнет жасын төмендетуді талап етуді тоқтатқан жоқ. Бұл жолы еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенділер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғимаратының алдына жиналды.

Талаптары тағы елеусіз қалса, әйелдер енді министрліктің кіреберісінде аштық жарияламақ. Олармен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн кеңес өткізді. Одан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бәрін жеке қабылдауға уәде берді.

Белсенділердің айтуынша, оларды кәсіподақ өкілдері мен петицияға қол қойған 1,5 миллионнан аса әйел қолдап отырған көрінеді.

«Біз билікке салмақты шешім қабылдауды ұсынамыз. Егер адам әртүрлі жағдайларға, денсаулығына байланысты жұмыс істей алмаса, жұмыс таба алмаса, 58 жастан бастап зейнетке шығаруын сұраймыз. Мемлекет үшін бұл жерде тиімдісі – ересектердің орнына жастар жұмысқа орналасады. Біз жұмыссыздық мәселесін шешуге тырысып жатырмыз», – деді белсенділердің бірі Марина Бачаева КТК телеарнасына берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама