×

«Ауыр халде»: журналист Инга Иманбайды полицейлер автозакпен алып кетті

Митингке шыққан тағы оншақты адам ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 07.07.2022 | 15:09
фото: ашық дереккөз

Кеше Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында митинг өткізген тіркелмеген «Демократиялық партия» басмашыл тобының өкілдерін арнайы жасақ ұстап әкетті.

Бірнеше сағаттан кейін ұйым өкілі Абзал Достияров Жанболат Мамайдың жары Инга Иманбайға айыппұл салынғанын және полицейлердің оны белгісіз бағытқа алып кетіп бара жатқанын жазды.

Инга Иманбайға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салды және полиция қызметкерлері көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып бара жатыр, - деді Абзал Достияров.

Сондай-ақ белсенді Әйгерім Тілеужанова Facebook-тегі парақшасына полицейлердің Демпартия мүшелерін автозак ішінде ұрып-соққанын жазды.

Қазір Инга Иманбай ауыр халде. Демала алмай жатыр. Нұрбол Бәйтерековтің беломыртқасына зақым келген. Оларды қазір Медеу аудандық полиция басқармасына апара жатыр, - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Инга Иманбайдан бөлек, митингке шыққан тағы оншақты адам ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама