×

Ресейлік чемпион Олимпиада үшін Қырғызстанның азаматтығын алды

Саха спортшысы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына үміттеніп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 09:17
фото: sakhaday.ru

Ресейлік жеңіл атлет Сардана Трофимова жазғы Олимпия ойындарына қатысу үшін Қырғызстанның азаматтығын алды. Енді ол қырғыз елінің құрамасы атынан өнер көрсетеді.

lenta.ru-дың хабарлауынша, ол Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы рұқсат берсе, Қырғызстанның атынан төрт жылда бір келетін дүрмекті додаға қатысуы мүмкін. Соған өзі құлшынып жүр. Сол үшін қырғыз елінің азаматтығын алып отыр.

Мен енді Ресейден басқа Қырғызстанның да азаматтымын. Алдағы күндері жиналыс өтеді. Ресей келіссе, менің спорттық азаматтығым ауысады.

Жарысқа рұқсатты Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (World Athletics) береді. Егер карантин болмаса бірден Олимпиадаға жолдама алуға болады, – деді 34 жастағы саха спортшысы.

Трофимова 1988 жылы Якутск қаласында туған. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Ол марафондық жүгіру бойынша бес рет Ресей чемпионы болған. 2019 жылғы әлем чемпионатында 22-орын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама