×

Дәрігерлер жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Теңіз кен орнында жарылыстан жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 06.07.2022 | 16:38
Фото: ашық дереккөздерден

 «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін «Сенімді құрылыс» ЖШС-нің құрылыс алаңында атмосфералық газы бар құбырда гидросынау жұмысы жүргізілген. Сол кезде қысымға шыдамаған құбырда жарылыс болған.

Жарылыстан «Сенімді құрылыс» ЖШС-нің 5 қызметкері зардап шеккен. Оның 3-еуі әртүрлі дене жарақатын алған. Ал 2 қызметкер қаза тапқан.

Апат кезінде кен орнында 5 жұмысшы зардап шегіп, оның екеуі қайтыс болды. Біреуі жарылыс болған құрылыс алаңында, екіншісі кен орнындағы «ТШО клиникасы» медициналық мекемесінде көз жұмған. Әртүрлі дене жарақатын алған жұмысшының біреуі «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты ұшақпен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір науқасқа дәрігерлер сараптама жүргізіп жатыр. Тағы бір жарақат алған жұмысшы Жылой аудандық ауруанасына түсті. Ол жамбас тұсынан жабық жарақат алған. Оның жағдайы орташа тұрақты. Зардап шеккен үшінші жұмысшыға «ТШО клиникасы» медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқанын жазған едік.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама