АҚШ-тың Himars қаруы Ресейдің оқ-дәрі қоймаларын жарып жатыр (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Украиндар аздап болса да өз жерлерін қайтаруға кірісті

фото: gazeta.ru

АҚШ-тың Украинаға берген HIMARS қаруы Ресей әскерінің басып алған аумақтардағы оқ-дәрі қоймаларын бірінен соң бірін жарып жатыр.

Украина қарулы күштері HIMARS қаруын елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы ұрыстарда пайдалануда. Жақында бұл қару Ресей армиясының Изюмдегі командалық пунктін тас-талқан етсе, енді міне, Донецк пен Луганск облыстарындағы оқ-дәрі қоймаларын жарып жатыр.

Америкалық дүркін-дүркін отты HIMARS реактивті жүйесі украин жерінде қолданыла бастағаннан  бері Украина қарулы күштері екінші тынысын алып, ұрыстарға белсене кірісіп кетті. Аз болса да ақырындап, баяу жүріп өз жерлерін қайтарып жатыр.