×

Американың «HIMARS» қаруы Ресей әскерін тас-талқан етті

РФ-ның 20-армиясының командалық пункті жойылды

 Дастан Жұмабекұлы 27.06.2022 | 09:52
фото: pravda.com.ua

Украина Қарулы күштері АҚШ-тан келген «HIMARS» қаруымен Ресей армиясының Изюмдегі командалық пунктін тас-талқан етті.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Ақпарат құралдары Украина әскерінің ресейліктердің Харьков облысының Изюм қаласындағы мектепте орналасқан командалық пунктін тас-талқан етіп жойып жібергенін видеодан көрсетті.

Басылымның хабарлауынша, бірінші видеода РФ Қарулы күштерінің Воронеждегі Батыс әскери округі 20-армиясының командалық пунктінің қалай жойылғаны түсірілген. Екінші видеода – РФ Қарулы күштері десант жауынгерлерін басқару пунктінің жермен-жексен етілгені бейнеленген.

Америкалық дүркін-дүркін отты «HIMARS» реактивті жүйесі украин жерінде қолданыла бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама