×

Астаналықтарға маска тағып жүруге кеңес берілді

Ол қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

 Дәурен Ерболат 05.07.2022 | 16:21
Фото: Tengrinews.kz

Астана күнін мерекелеу қарсаңында тұрғындарды маска тағып, арақашықтықты сақтауға кеңес береміз. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жұрт жиылған жерде тұрғындарды маска тағуға, қолды антисептиктермен өңдеу мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз, - деді Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді.

«Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы - вакцинация. Алайда белгілі уақыттан кейін екпенің қорғаныс күші төмендеп, антиденелер жойыла бастайды. Олардың инфекциямен күресуге жеткілікті деңгейі сақталуы үшін 6 айдан кейін ревакцинациядан өту аса маңызды екенін тағы да естеріңізге саламыз», - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шілдеде коронавирус жұқтырғандар саны артуы мүмкін екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама