×

Белгілі бизнесмен 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ол аса ірі көлемдегі мүлікті иемденгені үшін айыпты деп танылды

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 13:55
Фото: instagram.com

Parmigiano Group компаниясын басқарған бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды. Ол былтыр шілде айында қамауға алынған болатын.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты Esentai City-де жылжымайтын мүлікті сатып алушыға тиесілі 418 640 000 теңгені меншіктеп алу ісі бойынша үкім шығарды.

«Алмас Әбдіғаппаров аса ірі көлемдегі мүлікті иемденіп алғаны үшін айыпты деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда 7 жыл өтейді. Сондай-ақ оған қаржылық ұйымдарда 5 жыл бойы басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынады», - делінген соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама