×

«Қайшылық туындап жүрмесін». Әлихан Смайылов министрге тапсырма берді

2017 жылға дейін елімізде қазақстандықтарға пәтер жалға берілгенімен, оны сатып алуға рұқсат берілген

 Дәурен Ерболат 05.07.2022 | 10:36
Әлихан Смайылов, фото: Halyq Uni

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға салынған тыйымның заңға қайшы келетін тұстарын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы мен тұрғын үй қатынастары туралы заң нормалары бойынша қазақстандықтардың сұрақтары бар. Мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша арендалық тұрғын үй алған адамдарға оны сатып алуға рұқсат берілмейді, ал заң бойынша коммуналдық үйді сатып алуға тыйым салынбаған. Бұл жерде норма қайшылығы туындап тұрған жоқ па? Мәселе қалай шешіледі?», - деді Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа.

Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі мұндай мәселе барын жоққа шығармады.

«Шынында да халық арасында қазір осы мәселе көп талқыланып жатыр. 2017 жылға дейін біз жалға берілгенімен, сатып алуға рұқсат етілетін үйлерді салғанбыз. 2017 жылдан бастап жалға берілгенімен сатылмайтын үйлерді сала бастадық. Қазір заң жобасы Парламентте талқыланып жатыр. Жұмыс тобындағы депутаттар да осы мәселені көтерді. Бұл мәселені талқылап, оң шешімге келеміз деп ойлап отырмыз. Заңды талқыланғанда осы мәселені қарастырып, нақты шешім табуға тырысамыз», - деді миинистр.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама