×

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

 Халық үні 03.07.2022 | 09:43
Фото: Ақорда сайтынан

Президенттің құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ, ұлы дала дәстүрлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз.

Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы — ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра — бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Академик Ахмет Жұбанов "Домбыра — көшпелі елдің көнекөз шежіресі" деп бекер айтпаған. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр.

Сонау Кетбұғадан бері жалғасып келе жатқан дәулескер күйшілеріміздің мол мұрасы — баға жетпес рухани байлығымыз. Біз төл өнерімізді дәріптеу арқылы асыл құндылықтарымызды ұлықтай түсеміз.

Қазір Жаңа Қазақстанды құруға кірістік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды қолға алдық. Өркениетті ел болу үшін жаңа дәуірдің жақсы үрдістерін бойға сіңіру жеткіліксіз. Сонымен бірге, салтымызды сақтап, еңбекқорлық құндылықтарын кеңінен дәріптеп, бабалар жолын берік ұстанамыз.

Ендеше, жұртымызбен бірге домбыра да мәңгі жасайды. Күй өнері азаттық рухын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырады. Домбыра әр шаңырақтың төрінде тұрсын! Еліміздің мерейі тасып, абыройы асқақтай берсін!

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министрлер бірқатар балалар басылымына жазылды

Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді газетке жазылуға міндеттегендер әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті
02.12.2022 | 14:13

Кәсіпкер проблемаға мүлдем мән бермеген – Екібастұздың экс-әкімі

Қаланың бұрынғы басшысы елді дүрліктірген жағдайға пікір білдірді
02.12.2022 | 14:02

Шымкент дәмханасында Нигерия азаматын ұрған қазақстандық ұсталды

Түлкібас тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
02.12.2022 | 13:46

Алматыда жанармай құю бекетін тонаған адамдар ұсталды

Күдіктелер бетперде киіп, қолдарында шеге суырғыш пен балта ұстап, кассир мен күзетшіні қамап тастаған
02.12.2022 | 13:34