×

Ақтөбеде ер адам туған қыздарына азғындық әрекет жасаған

Туған әкесінен зәбір көрген қыздың үлкені 20 жаста болса, кішісі 14 жаста

 Халық үні 02.07.2022 | 06:30
фото: ашық дереккөзден

22 және 14 жастағы ақтөбелік қыздар «НеМолчи.kz» қорына хабарласып, көмек сұрады. Олардың айтуынша, туған әкесі сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен. Қазір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтөбеден хабарласқан апалы-сіңлілі екі қыздың бастан кешкен оқиғасы жайлы хабарлады.

«Туған әкесінен зәбір көрген қыздың үлкені 20 жаста болса, кішісі 14 жаста. Үлкені 6-7 жасында қорлық көрген. Әкесі оған жыныстық мүшесін ұстатып, зорлық жасаған. Анасы екеуі мұны жасырып қалуды жөн көріпті. Кіші қыз 10-11 жасында зорлық көрген екен. Сіңлісінің зорланғанын естіген апасы екеуі 22 маусым күні полицияға арыз түсірді. Олар әкесімен оңаша қалуға қорыққан. Анасы түнгі кезекке шыққанда үйге қонбай жүрген. Үлкен қызының айтуынша, әкесі үш рет сотталған. Екеуінде зорлық жасағаны үшін, біреуі - бұзақылық», -  деп жазды Дина Таңсәрі.

Ал облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу деректері Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Аймағамбетов мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады

Білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог еңбек етеді
02.10.2022 | 13:07

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.
02.10.2022 | 12:04

TikTok Қазақстанда өкілдігін ашады

Компания вице-президенті қазақстандық контентті өте сапалы деп бағалады
02.10.2022 | 11:01

«Ұстаз – қасиетті мамандық». Президент педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі ұстаздар күні ретінде аталып өтіледі
02.10.2022 | 09:46