×

ҰҚК дәрілік заттар контрабандасының жолын кесті

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілер тәркіленді

 Динара Амантай 28.06.2022 | 11:18
Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде дәрілік заттардың контрабандалық жеткізу арнасының жолын тоқтатты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді, – делінген хабарламада.

ҰҚК өкілдерінің мәліметінше, онкологиялық ауруларды емдеу үшін еліміздің медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама