×

Донердің ішіне марихуана жасырғандар ұсталды

Оқиға Қызылорда облысында болған

 Халық үні 19.01.2022 | 15:40
фото: polisia.kz

Сотталған адамға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды.

17 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді сотталғанға жолданған сәлем-сауқат ішінен есірткі заты анықталды.

Мекеме қызметкерлері сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында үш донердің арасына салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты тәркіледі.

Жедел түрде «102» нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама