×

Қазақстандықтар Анталияда үй сатып алушылардың алғашқы ондығына енді

Бастапқы үштікті Ресей, Иран және Германия құрап отыр

 Динара Амантай 27.06.2022 | 11:38
Фото: antalya-real-estate.com

Соңғы бес жылда (2017-2021) шетел азаматтары Түркияның Анталия қаласынан 41,7 мыңнан астам тұрғын үй сатып алған. Түркияның оңтүстігінде жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша шетел азаматтары арасында алғашқы үштікті Ресей, Иран және Германия құрап отыр. Бұған қоса алғашқы ондыққа Қазақстан, Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания және Дания елдері кіреді.

Helmann компаниясының басқарма төрағасы Селман Өзгүн Анадолы агенттігіне Түркияда жылжымайтын мүлікке инвестиция құю бойынша ең көп таңдалған аймақтардың бірі Анталия екенін айтты. Бұл көрсеткіш бойынша Түркияның «туристік астанасы» Стамбулдан кейін екінші орында тұр.

Инвестициялық компанияның төрағасы аймақ шетел азаматтары мен қалада орналасқан компаниялар құрылтайшыларының саны бойынша да көш бастап тұрғанын атап өтті.

Анталиядан ондаған елге 100-ден астам тікелей рейс бар. Мұнда тұрақты орналасу үшін әлемнің көптеген елдерінен адамдар келеді. Жергілікті және әлемдік брендтердің инвестициясы үздіксіз құйылып жатыр, - деді Өзгүн.

Оның айтуынша, Анталияның орналасу ерекшелігіне байланысты халықаралық инвесторлар аймақтағы жылжымайтын мүлікке инвестиция салғанды жөн санайды.

«2017-2021 жылдар аралығында шетелдіктер ел бойынша 206 768 жылжымайтын мүлік сатып алды, оның 20,2 %-ы Анталияда. Жалпы соңғы бес жылда Түркияның туристік астанасында 41 715 жылжымайтын мүлік сатылған. Ең көп тұрғын үй нысандарын ресейліктер сатып алған – 7 978. Одан кейін Иран азаматтары – 4 396 және Германия – 3 848. Алғашқы ондыққа Қазақстан, Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания және Дания кіреді. Ең көп инвесторлар – Еуропа елдерінің азаматтары. Біз инвесторлардың географиялық орналасуына қарамастан олардың біліктілігіне үлкен мән береміз», – деді Озгүн.

Компания басшысы тізімнің көш басында Әзірбайжан, Иордания, Нидерланды және АҚШ азаматтары да бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Финляндия, Беларусь, Ирландия, Канада, Франция, Израиль және Австрия сияқты елдер де назар аударатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама