×

Қазақстанда тауық еті бір жылда 29% қымбаттады

Қой етінің бағасы – 16,5%-ға, жылқы еті – 16,8%-ға, сиыр еті – 9,7%-ға көтерілген

 Дәурен Ерболат 27.06.2022 | 11:10
Фото: meat-expert.ru

Елімізде тауық етінің бағасы бір жылда 29%-ға өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.

2022 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда ет пен құстың орташа тұтынылуы жан басына шаққанда 11,5 келі болды. Бұл – өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 5,9%-ға артық.

Биыл қаңтар-наурызда сиыр етін тұтыну көлемі – 6,4%-ға, 1 адамға 6,4 келіге дейін, жылқы еті – 3,1%-ға, 1,8 келіге дейін, қой еті – 1,1%-ға, 1,1 келіге дейін, тауық еті – 18,3%-ға, 1,2 келіге дейін өсті.

Шошқа етін тұтыну 0,7%-ға төмендеді, орташа есеппен жан басына шаққанда 818 грамға дейін.

2022 жылғы бірінші тоқсанда ішкі нарықта 374,2 мың тонна ет және ет өнімдері сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық.

Биыл мамырдың қорытындысы бойынша ет пен құс етінің бағасы бір айда 0,9%-ға және бір жылда 15%-ға өскен. Елімізде құс еті 6 жыл қатарынан қымбаттап келеді.

Қазақстанда құс етінің бағасы бір жылда 28,5%-ға өсті. Қой еті мен шошқа еті бір жылда 16,5%-ға және 13,3%-ға, ал жылқы еті – 16,8%-ға, сиыр еті – 9,7%-ға қымбаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама