×

Смайылов жеке тұлғалардың банкроттығы проблемасын көтерді

Премьер жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде кеңес өткізді

 Халық үні 19.01.2022 | 10:20
көрнекі сурет: rossoshru.ru

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы Қаржы, Әділет министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары баяндады.

Премьер-министр заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен үкімет басшысы кеңсесіне енгізуді тапсырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну несиелері айтарлықтай артқанын айтты.

Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну несиелері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті несиелеу көлемінен асып кетті. Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр. Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ, бұл тығырықтан шығатын жол емес, - деді Президент.

Мемлекет басшысы шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажеттігін айтып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциалды реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама