×

Әнші Шатуновтың қазасы: диспетчер жедел жәрдем шақырудан бас тартқан

Ол науқасты емханаға әкелетін көліктің жоқтығын айтқан

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2022 | 09:16
фото: politeka.net

Кеше 48 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған «Ласковый май» тобының солисі, ресейлік әнші Юрий Шатуновқа емхананың диспетчерінің жедел жәрдем шақырудан бас тартқаны белгілі болды.

Әншінің достарының айтуынша, олар түнгі сағат 23.27-де диспетчерге хабарласып, Шатуновтың жүрегінің ауырып жатқанын, дереу медициналық жәрдем керектігін айтқан көрінеді. Оған телефонның ар жағындағы диспетчер науқасты емханаға әкелетін көліктің жоқтығын ескерткен.

Бұл жерде диспетчердің қателігі, жедел жәрдем машинасын жібермегені өз алдына, ол тіпті, науқастың жағдайын сұрамаған. Соның салғырттығынан әншінің достары Шатуновты өздерінің көлігімен жақын маңдағы Растуново ауылындағы ауруханаға алып келген. Ол жерде де дәрігерлер «Ласковый май» тобының солисін шамамен 10 минут қарағанда әнші кеудесінің ауырып тұрғанын айтып үлгерген. Осыдан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, оның жағдайы күрт нашарлаған соң дәрігерлер жансақтау тобын шақырған.

Жедел жәрдем Юрий Шатуновты Домодедово ауруханасына жеткізген. Сағат 00.20-да ол жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәл сол кезде әншінің жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Шатуновты қайта тірілтпек болғанымен, оны аман алып қала алмаған.

Қолда бар деректерге қарағанда, Юрий Шатунов пен Андрей Разин «Ласковый май» тобының хит әндері үшін соттасыпты. Сотта Шатунов жеңген. Аузын ашса ар жағынан жүрегі көрінетін әншінің денсаулығы соған (сот процестеріне) шыдамаған сияқты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Иесі қарапайым адам емес...». Өскеменде 6 жасар қызды алабай талап өлтірген

Мамандар оған бұралқы емес, иесі бар иттің шабуылдағанына сенімді
29.01.2023 | 14:05

Ақтаудың іргесінде бірнеше иттің өлексесі жайрап жатыр (ВИДЕО)

Жануарларды қорғаушылар мәселеге облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің назар аударуын сұрады
29.01.2023 | 12:35

Украина Қарулы күштері ресейлік 800 сарбазды жойып жіберді

Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары болып жатыр
29.01.2023 | 11:41