×

Маңғыстауда бір ай бойы ереуілдетіп тұрған жұмысшылардың қатарына әйел-балалары қосылды

Аптап ыстық болса да талаптары орындалмай, тарқамауға бекінген

 Еркеғали Болатұлы 23.06.2022 | 16:25
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында «Шыны талшықты құбыр зауыты» жұмысшыларының ереуілде тұрғанына тура бір ай. Наразылықта тұрған азаматтарға енді әйелдері мен балалары қосылған. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дауды 31 арнаның тілшілері тыңдап қайтқан.

Бір айдан бері зауыт алдында түнеп, наразылық білдіріп тұрған жұмысшылардың ереуіліне жөргектегі баласын ұстаған әйелдері қосылды. Зауыттың құрылтайшысы бір ай ішінде жұмысшылардың талабын тыңдамады, мәселені шешуге де асықпайды дейді олар.

Жұмысшылар аптап ыстық болса да талаптары орындалмай, тарқамауға бекінген. Ал зауыттың бас инженері компаниядағы барлық мәселе тек құрылтайшының келісімімен реттелетінін айтады.

Зауыт тұрып қалды. Берілген мөлшерді істей алмай тұрмыз. Қазір жаңа нысандар беріліп жатыр. Енді осы балалардың мәселесін шешу керек. Оған біздің құрылтайшылар келді. Мына жерде келіссөз болды. Сөйлесіп, бір елісімге келген секілді еді. Бірақ оны жылдамырақ шешу керек, – деді «Шыны талшықты құбыр зауытының» бас инженері Есей Мұқашұлы.

Оның айтуынша, жұмысшылардың ереуілде тұрғаны зауыттың өндірісіне кесірін тигізіп жатыр. Бір ай ішінде компания 44 шақырым құбыр жасау жұмыс көлемінен айырылып, 40 миллион теңгедей шығынға ұшыраған. Сондықтан құрылтайшы жұмысшылардың талабын орындамаса, негізгі тапсырыс беруші «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясының жұмыс көлемінен айырылып қаламыз деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама