×

Жезқазғанның әкімі қызметінен босатылды

Ол басқа жұмысқа ауысатын болады

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 15:34
Көрнекі фото

Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша ол басқа жұмысқа ауысатын болады.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті.

Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығын алған. 2018 жылы «МИСиС» Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Президенті әкімшілігінде жұмыс істеген. Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарды. Сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, бірнеше министрліктерінде комитет төрағасы болды. Одан кейін Премьер-министрдің кеңсесін, Өңірлік даму департаментін басқарды.

2019 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары - басқарма мүшесі болды.

2020 жылы тамызда Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қайрат Әбсаттаров «Құрмет» орденімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама