×

Назарбаев мектебіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді

Ведомство өкілі НЗМ министрлікке бағынбайтынын алға салды

 Динара Амантай 23.06.2022 | 12:49
Фото: static.ernur.kz

Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді.

Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз. Осы орайда «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның толық дербестігін қамтамасыз ететін арнайы заң бар екенін еске салғымыз келеді. Яғни, НЗМ мектептері Оқу-ағарту министрлігіне бағынбайды. Сәйкесінше, тілдер бөлінісінде квота бөлу, сыныптарды жабдықтау, жаңа мектептер ашу мәселелерін министрлік емес, Қамқоршылық кеңесі шешеді, – деді ведомствоның бас сарапшысы Ерлан Маяемиров.

Оның айтуынша, министр гранттарды тағайындау жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады, алайда оның сыныптарға қабылдау, сыныптарды жинақтау және оны ашу саясатын анықтауға құқығы жоқ. Осыған байланысты төраға қызметін қайта қарау қажет деп есептейді.

Еске сала кетсек, Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дау шыққанын жаздық. «Өркен» бағдарламасы аясында оқуға тапсырған балалардың ата-анасы қазақ және орыс тобына бөлінген гранттар әділ бөлінбегенін айтқан. Олар бұны қазақ тілінде оқитын балаларды алалау деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама