×

Ақтөбеліктер шетелдің қаржы пирамидасына да алданған

Алаяқтар үш айда 2,4 млрд теңге жинаған

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 11:17
Көрнекі фото

Ақтөбеде «Gold» қаржы пирамидасын үш адам сотталды. Олар кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды.

Үш адам Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-бөлігі (Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету), 217-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) және 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу) бойынша сотталды.

Сот айыпталушылардың ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қаржы пирамидасын құру үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде екі адамды қылмысқа тартқанын анықтады, - делінген сот хабарламасында.

«Gold Company LTD» салымшыларына канадалық компанияға ақша салу арқылы үлкен пайдаға кенелетінін айтқан. Іс жүзінде ешқандай жұмыс болмады. Оны ұйымдастырушылар сенімді азаматтардан ақша алған. Олардың бір бөлігі серіктестік келісімдер бойынша пайыздарды төлеуге жұмсап, қалған ақшаны өздеріне қалдырып отырған.

Ұйым 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін салымшылардан 10 млрд 45 млн теңге жинады.

«Жәбірленушілерге төленбеген қаржының жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болды», - делінген хабарламада..

Қылмысты ұйымдастырған бір айыпталушыны сот 12 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екеуі 9 және 6,5 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама