×

Республика бойынша бір аптада 3,5 мыңға жуық қылмыс жасалған

Оның 2 124-і тәулік ішінде ашылды

 Динара Амантай 20.06.2022 | 12:25
Фото: onlinevologda.ru

Елімізде бір аптаның ішінде 3,5 мыңға жуық қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифинг барысында мәлімдеді.

Бір апта ішінде 3 348 қылмыс жасалды. Оның 2 124-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты - 9, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің - 7, тонауға қатысты - 62 және бөтен мүлікті ұрлаудың 500 қылмысын ашты, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған қоса, ведомство өкілі елордада Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Ішкі істер министрінің кубогіне Макаров тапаншасынан атудан чемпионат өткенін айтты. Сайысқа еліміздің әр өңіріндегі полиция департаменттерінің намысын қорғау үшін келген командалармен қатар, басқа да күштік құрылымдардың мергендері қатысты.

«Турнирде Ішкі істер органдары бөлімшелері мен күштік құрылымдар арасындағы үздіктер анықталды. Сынға түскен қызметкерлер өздерінің бар шеберліктерін ортаға салды. Чемпионат қорытындысы бойынша аумақтық полиция департаменттерінің арасында үшінші орынды Қарағанды облысы иеленсе, екінші орынды Жамбыл облысы еншіледі. Ал алматылық полицейлер жалпыкомандалық есепте топ жарды. Күштік құрылымдардың жалпы командалық есебінде үздік үштік қатарынан Ұлттық ұланның командасы көрінді», – деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы күміс жүлдені қанжығасына байласа, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері құралайды көзге атқан мерген деп танылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама