×

Нұр-Сұлтанда әйел 7-қабаттан құлап мерт болды

Әйелдің балконнан құлаған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған

 Халық үні 19.06.2022 | 14:50
Фото: ашық дереккөздерден

Елордалық полиция сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда Достық көшесінің бойында әйел жетінші қабаттың балконынан құлап кетті, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

 

50 жастағы елорда тұрғынының жеке басы анықталды. Құлаған кезде үйінде марқұмның туыстары болған, – деп хабарлайды қалалық ПД.

Есіл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама