×

Алматыда борышкерлердің көліктері тәркіленіп жатыр

Жүргізушілердің қарызы 5 млрд теңгеге жетті

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 17:47
фото: almaty.tv

Алматыда көліктің салығы мен айыппұл төлемеген адамдардың автокөліктері тәркіленіп жатыр. Олардың көбісі қымбат машиналар. Қазір салықтан жалтарған көлік жүргізушілері мемлекет қазынасына 5 миллиард теңгеден астам ақша қарыз. Бұл соңғы екі жылда жиналған сома.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

«Өздеріңіз білесіздер 1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Осыдан кейін төлемеген азаматтарға хабарлама жолданды. Сонымен қатар, салықтық бұйрықтар да жолданды. Оны төлеуге 35 жұмыс күні берілді. Енді төлемегендерден салықты мәжбүрлеп өндіру үшін біз сот орындаушыларға жолдаймыз», – деді Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.

Борышкерлерді табу үшін «Сергек» бейнекамералары да қолданылады. Тәртіп сақшылары көліктің бағытын анықтап, тәркілейтін болады. Олар жүргізушінің құжаттарын тексеріп, көлікті айыппұл тұрағына алып кетеді.

«Бүгінгі рейдте борышкердің қарызы 1 миллион теңгеден асты. Одан бөлек адамдардың төленбеген әкімшілік айыппұлдары да бар. Сондықтан ұсталған азаматтың көлігін тәркілейміз. Біздің бұған қақымыз бар», – деді Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Аида Рахымбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама