×

Ақтауда аялдамаларда қоғамдық дәретханалар іске қосылды

Заманауи аялдамалар жергілікті кәсіпкерлердің қаражатына салынып жатыр

 Динара Амантай 16.06.2022 | 13:31
Фото: видеодан скриншот

Ақтау қаласы бойынша орнатылған 16 жаңа аялдаманың 14-інде қоғамдық әжетхана бар. Бүгінде оның алтауы іске қосылған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар 13 шағынаудан 1 үй мен 8 шағынаудан Сәуле сауда үйі жанында, 8 шағынаудан Рахат сауда үйіне қарсы, 31Б шағынаудан Мемлекеттік кірістер департаменті алдында, сонымен қатар, 32А шағынаудан 23 үйдің арты мен 27 шағынаудан Жасыл базардың алдында орналасқан аялдамаларда, – делінген хабарламада.

Қалған нысандар (дәретханалар) тиісті техникалық шарттарының дайын болмауына байланысты уақытша іске қосылмаған. Бұған қоса тағы 3 аялдаманың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы аймақты дамыту бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлерге автобус аялдамаларын орнату үшін жер учаскелері берілген болатын. Жер телімдеріне кәсіпкерлер өз қаражатына заманауи аялдамалар орната отырып кәсібін дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар аялдамада қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық әжетхана, қыс мезгілінде жабық, жылы және жаз мезгілінде салқындатқышы бар күту орындарының болуы қарастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама