×

Шымкентте қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

Олар аңшы мылтығы мен 70 патронды сатып үлгерген

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2022 | 13:03
Көрнекі фото

Шымкентте Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару ұрлаған үш күдікті ұсталды. Полицияның хабарлауынша, олардың барлығы қамауға алынды.

Қалалық ІІД Тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдіраманов олардың екеуі Алматыда  жалдамалы пәтерде тұрса, үшіншісі достарына қонаққа барғанын айтты.

Қару-жарақ дүкені тұрғын үйдің бірінші қабатында болған соң, олар жағдайды пайдаланып, ұрлық жасауғысы келген.

Оның айтуынша, жігіттер дүкеннен қолдарына түскеннің бәрін алып, Шымкентке кетіп қалған.

Олар сатып алушыларға екі «Ақбөкен» аңшы мылтығы мен 70 патронды сатып үлгерген. Полицияның жедел қызметкерлері оларды да ұстаған. Ал қару ұрлаған адамның бірі винтовканы атыс галереясына сақтап қойған.

Осы оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабы «Қару ұрлау» бойынша тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де Түркістан облысының тұрғындары. Қазір олар қамауда отыр, - деді Дәулеткелді Әбдіраманов.

Сондай-ақ, басқарманың бас тергеушісі заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырғандардың басқа қылмыстары болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама