×

Атырауда донер жеген 9 адам инфекциялық ауруханаға түсті

Атырауда биылдыққа алғаш рет тамақтан улану фактісі тіркелді

 Айнұр Асылбекқызы 16.06.2022 | 11:02
фото: Атыраудағы №2 облыстық аурухана

Биыл Атырау облысында алғаш рет тамақтан улану фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова мәлім етті.

«Күні кеше облыстық инфекциялық ауруханада жеті бірдей адамның улануы тіркелсе, бүгін екі жағдай анықталып отыр. Оқиға С.Датов көшесінде орналасқан жеке меншік Afisha дүңгіршегінде тіркелді. Зардап шегушілер тез тағам дайындау орнынан құс етінен жасалған донер тағамын тұтынған. Осы жағдай бойынша Атырау қалалық ішкі істер басқармасымен іс қозғалып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, зардап шегулер жіті дәрігердің қалағалауында», - деді Әлия Бекешова.

Ал, аталған департаменттің басшы орынбасары Гүлназ Ирбатырова көктем-жаз айлары жедел ішек инфекциясы ауруының қаупі артатын кезең екенін, сондықтан үнемі жеке бас гигиенасын сақтап, азық-түлікті белгіленбеген орындардан сатып алмау керектігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама