×

«Мас полицейлер жабылып ұрды»: Танымал спортшы әділдік іздейді

Осы жанжалға қатысы бар тәртіп сақшылары түгел жұмыстан босатылған

фото: видеодан скриншот

Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бақытбек Шотабаев өзін мас полиция қызметкерлерінің жабылып ұрғанын айтып, әділдік іздеуде, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. 

Айтуынша, былтыр Шығыс Қазақстан облысындағы Ақсуат ауылында полиция қызметкерлерінен зәбір көрген.«Мас тәртіп сақшылары жабылып ұрды» - дейді танымал спортшы. Оқиғаға бірнеше ай өтсе де, ол істің созбалаңға салынғанына қапалы. 

«Тоғызыншы айға кетті. Не болып жатқанын ешкім білмейді. Қылмыстық істі ешқандай нәрсе болмаған деп бір рет қысқартты. Одан кейін сотқа шағым жазып, қайтадан істі қозғады. Міне, енді бүгінгі күнге дейін ешқандай ештеңке қаралып жатқан жоқ. Облыс аумағында да біреу біреуіне лақтырады. Сараптамада пышақпен кеудеге жарақат тигізілді деген нәрсе сотпен түгелі көрсетілген, бірақ осы уақытқа дейін, білмеймін, қандай, не себеппен бұл істі қысқартып жатқанын», – дейді Бақытбек Шотабаев.

Бақытбек Шотабаев сол  күні бөлесін қысым көрсеткен полицейлерден қорғаймын деп аяқ-қолы мен қабырғасынан пышақ жарақатын алыпты. Кейін түрлі себеппен қылмыстық іс бірнеше рет қысқартылған. Тек Бас прокуратураға жазған шағымынан кейін ғана соң қайта қозғалғандай. «Полицейлердің бассыздығы жауапсыз қалмаса» деп отыр танымал спортшы.

Жоғарғы сотқа дейін шағымдануға бел байлап отыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, осы жанжалға қатысы бар тәртіп сақшылары түгел жұмыстан босатылған. Бірақ Шотабаев олардың қызметтен кеткенін емес, заң бойынша жауапқа тартылғанын талап етуде.

«Аталған қылмыстық істі Шығыс Қазақстан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеуде. Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 940 л/с бұйрығымен полиция қызметкерлері ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылды», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама