×

«Әйелдер 58 жаста зейнетке шықпайды»: министрлік түсініктеме берді

1998 жылға дейін пенсияға шыққан адамның еңбек өтілі ескеріледі

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 16:02
коллаж: Halyq Uni

Қазір мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Президенттің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.  

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

«Әйелдердің зейнетке шығуының заңнамамен белгіленген жасы халықаралық және отандық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен болжамдарға негізделген. Яғни, зейнеткердің еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін ескеріледі. Яғни, адам зейнетақы жарналарын көп көлемде төлесе, ол соған сәйкес жоғары болады», - делінген хабарламада.

Осыдан кейін министрлік 50 жастан асса да зейнетақысын жинамаған адам ерте зейнетке шықса да тиісті зейнетақы ала алмайтын хабарлады.  

«Дегенмен қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарға зейнеткерлікке ерте шығу құқығы беріледі. Мысалы, ер адамдар 55 жасқа және әйелдер 52,5 жасқа толғанда БЖЗҚ-да зейнетақы аннуитетін ресімдей алады.

Сонымен бірге 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларының кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігі бар. Яғни, әйелдер оны 42,5 жаста, ер адамдар 45 жаста жасай алады. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төлемдер 52,5 және 55 жаста төлене бастайды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар зейнетақы аннуитетін 40 жастан пайдалана алады. Оның зейнетақы төлемдері 50 жастан басталады.

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама