×

Павлодарда алимент төлей алмай жатқандар көбейіп жатыр

Ер адам 3 млн теңгеге жуық қарызын қайтара алмай жүр

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 15:18
коллаж: Halyq Uni

Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемегені үшін жасырынып жүрген адамдарды іздестіруде.

Жыл басынан бері полиция алимент бойынша іздестіріліп жатқан 106 борышкердің мекенжайын анықтады.

Мәселен, Polisia.kz-тің хабарлауынша, 10 маусымда тәртіп сақшылары облыс орталығында алимент төлемей, қашып жүрген адамның тұрғылықты жерін анықтады. 38 жастағы ер адам 2016 жылдың қараша айынан бастап баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша сот шешімін орындамаған. Ол 28 жастағы бұрынғы әйеліне 2 млн 745 мың теңге қарыз болған.

Осыған байланысты ер адам балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін тексеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама